Мұнай күрт қымбаттады

1149

Ал алтын бағасы 2,3 пайызға өсті.  

Мұнай күрт қымбаттады

Иран генералы өлімінен соң, мұнай бағасы өсім көрсете бастады, деп хабарлайды Atameken Business.

Жыл соңында баға 66 доллар болған еді. Қазір көрсеткіш – 69  доллар, 5 цент.  Бұл өткен жылдың сәуірінен кейінгі ең жоғары көрсеткіш. Даблютиайдың баррелі – 63 доллардан асады. Сарапшылар қара алтынның баррелі 80 долларға дейін көтеріледі деп болжам жасады. Егер баға шарықтайтын болса, америкалықтар үшін газ бен мұнай өнімдерінің бағасын осы қалпы ұстап тұру қиындай түседі. Тиісінше, өндіріс қарқынын арттыру да оңай болмайды. Американың қор нарығында да айтарлықтай өзгеріс байқалды. S & P 500, Nasdaq Composite және  Dow Jones өндірістік индексі 0,7 пайызға дейін түсіп кетті. 10 жылдық қазыналық облигациялардың кірісі де 7 базалық пунктке дейін төмендеді. Бүгін Американың бірқатар әуе компанияларының акциялары арзандады. Енді олар жолақысын қымбаттатуы мүмкін. Қазір инвесторлар қауіпсіз активтерді сатып алуда. Сол себепті алтын бағасы да 2,3 пайызға өсім көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу