Қара алтын құны көтеріліп келеді. Брент маркалы мұнайының қыркүйекке белгіленген фючерстері 50 доллар 6 центтен саудалануда. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 6 маусымда тіркелген.
Әлемдік шикізаттың қымбаттауына түрткі болған Сауд Арабиясындағы энергетика министрі Халид Әл-Фалехтің мәлімдемесі. Ол биылғы тамыз айынан бастап мұнай экспортын тәулігіне 6,6 млн баррельге дейін шектейтінін айтқан болатын. Саудияның мұндай қадамға баруы елдегі қара алтынға деген ішкі сұраныстың артуы себеп.
Айта кетейік, бұған дейін ОПЕК- мұнай экспортын қадағалауға алатынан жариялаған болатын. Ұйымдағы министрлік комитетінің мәліметінше өндірісті қысқарту 98 пайызға орындалған. Сондай-ақ, комитет келісімді 2018-ші жылдың 1 тоқсанынан кейін тағы да азайтуды алға тартып отыр.