Мұнай қымбаттап жатыр, теңге неге нығаймайды?

1119

Мұнай қымбаттаса да, көк қағаздың құны түспей тұр, деп хабарлайды Аtameken Business.  

Мұнай қымбаттап жатыр, теңге неге нығаймайды?

Маусымның басында 425-ке дейін нығайған төл теңгеміз бүгін қайта әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы кешкі сауданың қорытындысы бойынша,  ресми бағам 426 теңге 87 тиын болды. Еліміздің айырбас бекеттерінде 1 доллар 428 теңгеге дейін саудаланып жатыр. Ұлттық банктің түсіндіруінше, мұнай 75 долларға дейін қымбаттауына қарамастан, теңгенің әлсіреуінің бірнеше себебі бар. Алғашқысы, ішкі нарықтағы көк қағазға деген сұраныстың өсуі. Жаз келіп, демалыс маусымы басталғалы  шетелге шығатындар көбейген. Оның үстіне импорт 11 пайызға өскен. Жыл басынан бері 11,5 млрд доллар шетелге кеткен. Бұның барлығы долларға деген сұранысты арттырады. Екінші себеп  АҚШ-тың федералды резерв жүйесі  базалық ставканы көтереді деген сыбыс шыққалы, инвесторлар еліміздегі капиталын алып кетуде. Сарапшылардың айтуынша, теңгені ұстап тұрған маңызды фактор - квазимемлекеттік компаниялар мен Ұлттық қордың трасферттері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу