Мұнай тағы арзандады. Бағаның түсуі АҚШ-тағы өндірістің тәулігіне 10 млн-нан асып жатқанымен байланысты. Лондондағы тауар-шикізат биржасында. Brent маркасы 2,30 пайызға дейін түсіп, қазір баррелі 65 доллар 32 центтен сатылуда. WTI маркасы да 3,08 пайызға азайып, баррелі 61 доллар 42 цент болып бекіді.
Мұнай бағаысымен бірге алтын да арзандады. Оның троя унциясы 12 долларға түсіп, 1317 доллар 90 центке бағаланды. Ал күміс 2 пайызға арзандап, троя унциясы 16 доллар 33 цент көлемінде саудалануда. Керісінше, биткоинның құны шарықтап, бірден 18 пайызға қымбаттады. Осылайша 1 биткоин 8335 долларға бағаланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу