Мұнай мен газ өңдейтін 5 зауыт салынады

1196

Бүгінде Атырау облысы мен Шымкентте 3 зауыт салынып жатыр.

Мұнай мен газ өңдейтін 5 зауыт салынады

2025 жылға қарай Қазақстанда мұнай мен газды терең өңдейтін 5 зауыт іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасы шеңберінде Атырау, Орал және Шымкенттегі мұнай мен газды терең өңдейтін 5 зауытты іске қосылады. Нәтижесінде экспортқа бағытталған мұнай газ-химия өнімдерінің өндірісі (2019 жылмен салыстырғанда) 9 есе артады.

Нұрлан Ноғаев бүгінде 3 зауыт салынып жатқанын атап өтті.

"Атырау облысында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт және қуаты 57 млн текше метр азот зауыты, әрі 34 млн текше метр құрғақ сығылған ауа өндіретін зауыт. Сондай-ақ Шымкент мұнай-химия зауытының шикізаты негізінде қуаты жылына 81 мың тонна полипропилен және 57 мың тонна бензинге арналған октан арттырғыш қоспа шығаратын зауыт", - деді ол. 

Министр 2025 жылға қарай 2 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын жеткізді.

"Олар: қуаты жылына 430 мың тонна болатын полиэтелентерефталат өндіру зауыты мен жылдық қуаты 130 мың тонна болатын метанол өндіру зауыты", - деді Нұрлан Ноғаев.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу