Мұнай мен газды ұтымсыз пайдаланған компаниялар 14 млрд теңге төлейді

176

Биыл 9 айда көмірсутек секторында 100 тексеру жүргізілген.    

Мұнай мен газды ұтымсыз пайдаланған компаниялар 14 млрд теңге төлейді Фото: gov.kz

ҚР Энергетика министрлігі мен оның Атырау мен Қызылорда облыстарындағы өңіраралық мемлекеттік инспекциялары мұнай-газ саласындағы заң талаптарының орындалуын қадағалайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың алғашқы 9 айында көмірсутек секторында 100 тексеру жүргізілді:

  • 18 профилактикалық бақылау;
  • 30 жоспардан тыс тексеру;
  • 15 шарттық міндеттемелерді орындау бақылауы;
  • 37 рұқсаттық тексеру.

Нәтижесінде 18 заңбұзушылық түзетіліп, 110 млн теңге көлемінде 80 әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, мұнай мен газды ұтымсыз пайдалану үшін 14 млрд теңгеден астам залал өндірілді. Қосымша 4 млн теңге айыппұл және 2,4 млрд теңге залал өндірісі бойынша материалдар қаралып жатыр. 

Министрлік жер қойнауын тиімді пайдалану мен саладағы тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыра береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу