Мұнай мен көмір... – Каспий арқылы жүк тасымалдау көлемі екі есе ұлғайтылмақ

1314

Ресейге санкциялар қаптап, мұнайды экспорттау мәселесі талқыланып жатқан тұста Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) арқылы жүк тасымалдау көлемі алдағы уақытта екі есе ұлғайтылатыны хабарланды. 

Мұнай мен көмір... – Каспий арқылы жүк тасымалдау көлемі екі есе ұлғайтылмақ Фото: reuters.com

"Қазақстандық экспорттаушылар биыл ТХКБ-ге басқа бағыттардан 2 млн тоннаға дейін жүк жөнелтуді жоспарлап отыр. Оның ішінде мұнай өнімдері, металл өнімдері және көмір бар. Тиісті көлемді 4 млн тоннаға дейін арттыруға болады", – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысында.

ТХБК бойынша екі бағытта 10 млн тоннаға дейін, оның ішінде 200 мың контейнерге дейін тасымалдауға болады. 

Бағыт: Ақтау/Құрық – Баку(Алят) – Әзербайжан теміржолдары – Грузия теміржолдары – Батуми/Поти порты және әрі қарай Қара теңіздегі Варна/Бургас (Болгария) немесе Констанцаға (Румыния);

Ақтау/Құрык – Баку (Алят) – Әзербайжан теміржолдары – Грузия теміржолдары (Баку-Тбилиси-Карс бағыты) – Түркияның Қара теңіздегі және Жерорта теңіздегі порттары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу