Мұнай нарығы құлдырауда

1417

WTI сұрыпты мұнай бағасы 2002 жылдан бергі ең төмен көрсеткішке ие болды.

Мұнай нарығы құлдырауда

Осыдан 18 жыл бұрын ОПЕК пен бірқатар елдің мұнай өндірісін тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін қысқарту туралы шешімінен кейін, шикізат құны осылай күрт арзандаған еді. Өткен сауда қорытындысы бойынша, WTI cұрыпты мұнай бағасы 3%-ға күрт түсіп, 20,8 доллар болды. 

Ал Brent сұрыпты мұнай құны да 3%-ға арзандап, 23,7 доллар болды. 

Ескере кететін жайт, мұнай нарығындағы құлдырауға Covid-19 пандемиясы түрткі болып отыр. Өйткені көп елдерде карантин жарияланып, шикізатқа деген сұраныс азайып кетті. 6 наурызда ОПЕК+ келісімінің жойылуы нарықты тіпті тұрақсыздандырып жіберді. Егер 4 наурызда Brent баррелі 51 доллар болса, бес күннен кейін 34 долларға дейін арзандап кетті.

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу