Мұнай нарығы оңалып келеді

936

Бұған америкалық мұнай қорының қысқаруы және келесі айда АҚШ пен Қытайдың сауда келіссөздерін өткізуі әсер етіп отыр.  

Мұнай нарығы оңалып келеді

Америкалық мұнай қоры өткен аптада 4,8 млн баррельге азайды. Соңғы апталарда мұнай бағасы қос алпауыт арасындағы сауда тартысы кесірінен арзандаған еді. Инвесторлар мұның салдарынан шикізатқа деген сұраныс азайып кетеді деп алаңдаушылықтарын білдірді.  

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 2 центке арзандап, баррелі 60,93  доллар болды.  

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 3 центке төмендеп, барреліне 56,27 долларды құрады.

Бұған дейін қытайлық вице-премьер Лю Хэ қазанның басында АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин және сауда өкілі Роберт Лайтхайзермен кездесуге келіскен болатын. Дональд Трамптың әкімшілігі 1 қазан мен 15 желтоқсанда Қытайға тағы да баж салығын салуды жоспарлап отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу