Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
"Ақпанда мұнай нарығы 1 баррель үшін 79,1 доллардан 86,9 долларға дейінгі аралықта көп бағытты динамиканы көрсетті. Айдың бірінші аптасында Қытайда мұнайға сұраныстың қалпына келуінің белгісіз болуына және АҚШ-та мұнай өнімдері қорының ұлғаюына байланысты әлемдік мұнай нарығында орнықты төмендеу үрдісі байқалды. Кейіннен, G7 елдерінің Ресей мұнайының бағасына жоғарғы шегін белгілеу түріндегі санкциялық шаралар аясында және Қытайдағы мұнайға сұраныс бойынша оң баға белгілеу құлдырауды ішінара қайтарды", – деп жазылған ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ақпарат құралдарына берген сұхбатында.
Ақпанның қорытындысы бойынша, баға 1 баррель үшін 83,9 АҚШ долларына дейін 0,7%-ға төмендеді.
"Наурыз басында мұнайға баға белгілеу 1 баррель үшін 85 АҚШ долларына жеткеннен кейін реттеуші инфляциямен күресу үшін мөлшерлемелерді өсіру қарқынын жеделдетуге дайын екенін атаған АҚШ ФРЖ Төрағасының сөзінен кейін әлемдік экономиканың болашағы туралы жалпы алаңдаушылық аясында 81,4 АҚШ долларына дейін құлдырады", – деп атап өтті Молдабекова.
Алайда сарапшылар мұнай нарығының болашағына қатысты оптимистік болжам жасап отыр.
Мәселен, Bloomberg экономистерінің консенсусы "қара алтынның" 1 баррель үшін орташа бағасы 87,4 АҚШ доллар деңгейінде қалып, осы көрсеткіш сақталады деп есептейді.