Мұнай нарығындағы баға тұрақталып келеді

678

WTI маркалы жеңіл мұнай баррелі 59,02  доллар болды.

Мұнай нарығындағы баға тұрақталып келеді

Шикізат құны қыркүйек айынан бергі ең жоғарғы деңгейге жетті. Қазір инвесторлардың назары АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінде. Жақында Вашингтонның Бейжіңге салған баж салығы күшіне енеді.

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қаңтарындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 14 центке арзандап, баррелі 64,25 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қаңтардағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 18 центке төмендеп, барреліне 59,02  долларды құрады. 

"Егер де АҚШ-тың қытайлық тауарларға бағытталған баж салығы көтеріліп, күшіне енсе, бұдан әлемдік сұранысқа нұқсан келеді. Аптаның соңына дейін тараптар бір ымыраға келсе, WTI сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 59 доллардан асуы мүмкін", – дейді Again Capital LLC. сарапшысы Джон Килдаф. 

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу