Мұнай нарығындағы тұрақсыздық сақталуда

1003

АҚШ-тың мұнай қорының азаюы "қара алтын" бағасының көтерілуіне себеп болды.  

Мұнай нарығындағы тұрақсыздық сақталуда

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, өткен аптада америкалық мұнай қоры 3,45 млн баррельге қысқарған. 
Соңғы дерек бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,6%-ға  қымбаттап, баррелі 58,58 доллар болды. Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,7%-ға артып, барреліне 54,32 долларды құрады.

Сауда тартысы кесірінен шикізат көлемі сәуір айынан бері 18%-ға қысқарған болатын. Осының салдарынан әлемдік экономика қазір қиын кезеңді бастан кешіруде. Осы орайда ОПЕК елдері мұнай өндірісін қысқартуға бағытталған шара қабылдаған болатын. Оған сәйкес, Сауд Арабиясының билігі нарықты қалыпқа келтіру үшін осы айдан бастап Saudi Aramco компаниясы күніне 7 млн баррель өндіретінін жариялаған еді. Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, бұл бұрынғы сұраныс көлемінен 700 000 баррельге аз.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу