Мұнай өндірісін есепке алатын ақпараттық жүйе жасалады

842

Болашақта "қара алтын" өндірісіне қатысты барлық деректе осында жинақталады. 

Мұнай өндірісін есепке алатын ақпараттық жүйе жасалады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова жер қойнауы саласындағы цифрлық жетістіктер туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, еліміздегі мұнай өндірісін есепке алатын үлкен ақпараттық жүйе жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Болашақта мұнда шикізатты тасымалдау, қайта өңдеу бойынша барлық мәліметтер жинақталмақ. 

"Бұл үлкен ақпараттық жүйе болады деп жоспарлап отырмыз. Онда мұнай өндіру көлемінен бастап, оны тасымалдау, қайта өңдеу бойынша барлық деректер жинақталады. Бұдан басқа энергетика саласы бойынша да көптеген цифрлық шешімдер қабылданып жатыр. Мәселен, өткен жылдан бері жаңғыртылатын қуат көздері бойынша да электрондық аукцион жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ келісім шарттарды автоматизациялау бойынша да жұмыстар жүргізілуде", – деді вице-министр. 

Оның сөзінше, цифрлық технологиялардың ыңғайлы тұстары көп. Бұл, әсіресе, пандемия кезінде белгілі болды. 

"Мәселен, министрлік электронды құжат айналымының арқасында қызметкерлерінің 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырды. Ал жалпы Энергетика министрлігі саланы цифрландыру арқылы екі мәселені шешуді көздейді. Оның бірі шығындарды оңтайландыру, екіншісі мұнай өндіру көлемін арттыру", – деді Жанат Жахметова. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу