Мұнай өндіру көлемі 107,4 млн тоннаға дейін ұлғаяды

953

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәжілістің жалпы отырысында жасаған 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мұнай өндіру көлемі 107,4 млн тоннаға дейін ұлғаяды

Министрдің сөзінше, республикалық бюджет жобасы мұнайдың бағасы барреліне 60 доллар болғанда қалыптастырылды. 

"Мұнай өндіру көлемі 2022 жылғы 87,9 млн тоннадан 2026 жылы 107,4 млн тоннаға дейін ұлғаяды. 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3,9% деңгейінде болжанып отыр. Бұл көрсеткіш 2026 жылы 5,2%-ға жетеді. 2026 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 119,9 трлн теңгеге өсіп, 2022 жылы 87,1 трлн теңгеге жетеді", – деді Әсет Ерғалиев. 

Министр 2022 жылы тауар экспорты 60,1 млрд доллар деңгейінде болжанып отырғанын айтты. 

"2026 жылға дейін тауар экспортының көлемі 79,8 млрд долларға дейін ұлғаяды. Тауар импорты 2022 жығы 40,8 млрд доллардан 2026 жылы 43,4 млрд долларға дейін өседі", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу