Мұнай өндіру саласына қажетті құрал шығарыла бастады

973

Мұнай өндіру саласына қажетті құрал шығарыла бастады

Маңғыстау облысында ұңғымадағы сорғы қондырғысы бөлшектерін шығаратын цех іске қосылды, деп хабарлайды 24.kz.

Мұнай өндіру саласында қолданылатын отандық тауар Мұнайлы ауданындағы өндірістік базада жасала бастады. Қолдау көрсеткен шетелдік инвестор жобаға 5 млн доллар  жұмсап отыр. Мұнда жылына мың дана қосалқы бөлшектер дайындалады. Жаңа өндіріс орнына 30 адам қызметке алынды. Барлығы өзге мемлекеттерде кәсіби білім алған мамандар. Жұмыс кестесі әзірге бір ауысымдық. Цех толық қуатында іске кіріссе, екі ауысыммен еңбек етуге көшеді.

Жалпы осы өндірістік базада ұзын саны 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Олардың 94 пайызы жергілікті тұрғындар.

"Біз Қазақстан нарығы үшін сапасы халықаралық талаптарға сай мұнай сораптарын жасай бастадық. Ішкі сұранысты өтеуден бөлек отандық тауар Каспий аймағы мен таяу Шығыс елдеріне жөнелтіледі. Заманауи үлгідегі сорапты қондырғы бөлшектері мұнай-газ кеніштерін, әсіресе сарқылуға айналған табиғи ресурстарды игеруде тиімділігін іс жүзінде көрсетіп келеді", - дейді инвестор Мухамед Разиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу