Мұнай өндіруді арттыру жоспарда жоқ – Энергетика министрлігі

706

16 наурыздағы жағдай бойынша елдегі орташа мұнай өндіру – тәулігіне 1,886 млн баррель.  

Мұнай өндіруді арттыру жоспарда жоқ – Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі 1 сәуірден бастап елде мұнай өндіруді арттыру жоспарланбағанын, 2020 жылға арналған өндірістік  жоспарды ұстанатынын  айтты, деп хабарлады "Интерфакс- Қазақстан". 

"Мұнай бұрынғы жоспарланған көлемге сай өндіріледі. Өндіруге қатысты қосымша шаралар қарастырылып отырған жоқ", – деді ведомство агенттік сауалына.       

Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, 16 наурыздағы жағдай бойынша елдегі орташа мұнай өндіру – тәулігіне 1,886 млн баррель.         

ОПЕК-тің қазіргі келісімі ОПЕК-ке кіретін елдерде жалпы мұнай өндіруді  2018 жылдың қазанындағы деңгейден биылғы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін тәулігіне 1,7 млн баррельге дейін төмендетуді қарастырады       

Венадан өткен соңғы келіссөздерде келісімге қатысушылар 2020 жылдың 1 сәуірінен кейін мұнай өндіруді шектеу туралы келісімге келген жоқ.       

2018 жылдың желтоқсанында қабылданған ОПЕК-тің қолданыстағы келісімі барысында Қазақстанның  мұнай өндіру бойынша міндеттемесі тәулігіне 1,843 млн баррель.      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу