Мұнай өнімдері ірі контрабандасының арнасы жойылды

169

Шекарадан шығаруға арналған 10-нан астам вагон-цистерна табылды.

Мұнай өнімдері ірі контрабандасының арнасы жойылды Фото: polisia.kz

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері мұнай өнімдерінің ірі контрабандасының арнасын жойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іргелес мемлекеттің аумағына жөнелтілмек болған вагондарда құны 120 млн теңгеден асатын 750 тоннадан астам мұнай өнімі болған. Олар тоқтатылып, тергеу жүргізу үшін тәркіленді.

"Мұнай өнімдерін тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу