Мұнай өнімдерін сыртқа тасымалдауға тыйым салу жолдары әзірленіп жатыр

874

Бұл туралы үкімет отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

Мұнай өнімдерін сыртқа тасымалдауға тыйым салу жолдары әзірленіп жатыр

Қазақстанда жанармай бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін, сондай-ақ дизель отыны тапшылығының қаупін азайту мақсатында елден тыс жерлерге мұнай өнімдерін (дизель отыны) шығаруға уақытша тыйым салу үшін шаралар әзірленуде, деп хабарлайды primeminister.kz.

Министрдің айтуынша, мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты, жанар-жағармай тапшылығы жоқ. 10 желтоқсандағы жағдай бойынша, Аи-92 маркалы бензиннің орташа бағасы: бір литрі үшін 154,8 теңге, ал маусым аралығында дизель отынының бір литрі 193,2 теңгені құрайды.

Еліміздегі мұнай базаларында жанар-жағар майдың қалдық қорының көлемі ішкі нарықтың қажеттілігін өтеу үшін жеткілікті: Аи-92 бензинінің қоры – 267,5 мың тонна (30 күнге) және дизель отыны – 143,2 мың тонна (11 күнге) .

"Еліміздің шекаралас аумақтарында жанар-жағармайды транзиттік тасымалдауда жоғары тұтыну фактілері орын алуда. Бұл көршілес елдермен салыстырғанда мұнай өнімдері бағаларының айырмашылығына байланысты болып отыр", — деді Қанат Бозымбаев.

Осыған байланысты, Қазақстанда жанармай бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін, сондай-ақ дизель отыны тапшылығының қаупін азайту мақсатында энергетика министрлігі Еуразиялық экономикалық одақтың нормаларына қайшы келмейтін қолданыстағы заңнама негізінде, Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жерлерге мұнай өнімдерін (дизель отыны) шығаруға уақытша тыйым салу үшін шаралар әзірлеуде.

Қазақстанда Аи-92 маркалы бензиннің бөлшек сауда бағасы бір литр үшін — 154,8 теңге, Ресей Федерациясында — 230,5 теңге, Өзбекстанда — 273 теңге, Қырғызстанда 234 теңгені құрайды. Қазақстанда дизельді отынның бір литрі орта есеппен — 193,2 теңгені, РФ-те — 246,5 теңгені, Қырғызстанда — 250,8 теңге, ал Өзбекстанда — 208 теңге құрайды.

50,5 млрд м3 газ өндірілді, 2017 жылдың қаңтар–қараша айларымен салыстырғанда 4,8%-ға артты, ал 11 айдың жоспарынан 6,1% өсімді көрсетті. Газ экспортының көлемі 17,9 млрд м3 құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңінен 14%-ға жоғары.

ҚР ЭМ деректеріне сәйкес, сұйытылған мұнай газының өндірісі 2,8 млн тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңінен 7,3%-ға артық. Мұнай битумы өндірісі 809 мың тонна көлемінде, бұл 2017 ж. сәйкес кезеңінің 147%-ын, ал 2018 жылдың жоспарына сәйкес 108% құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу