Мұнай өнімдерінің барлық түрлеріне нөлдік экспорттық кедендік баждар бекітілді

1026

Бұл шешім Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның орындау үшін қабылданды.  

Мұнай өнімдерінің барлық түрлеріне нөлдік экспорттық кедендік баждар бекітілді

ҚР Сауда және интеграция министрінің бұйрығына сәйкес 1 сәуірден бастап мұнай өнімдерінің барлық түрлерінің (бензин, дизель отыны, авиакеросин, сұйытылған газ және т.б.) экспортына нөлдік кедендік баж мөлшерлемелері қолданылатын болады, деп хабарлайды ведмоствоның баспасөз қызметі.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ақпараты бойынша ОПЕК+ мәмілесін бұзудан туындаған мұнайға әлемдік баға белгілеудің құлдырауы қазақстандық мұнай өнімдері экспортының табыстық көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келді. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізу мұнай өнімдеріне ішкі сұраныстың едәуір қысқаруына себеп болды.

Бүгінде екі себеп елдің резервуарлық парктерінің тауарбастылығына алып келеді. Кейіннен мұндай жағдай мұнай өнімдерінің барлық түрлерін, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар және экспортқа бағдарланған (дизель отыны, авиакеросин, сұйытылған газ және т.б.) өндіру көлемінің төмендеуіне, ал одан әрі мұнай өңдеу зауыттарын толық тоқтатуға әкеп соқтыруы мүмкін.

"Біз қазіргі уақытта ішкі нарықта сұранысқа ие емес мұнай өнімдерін экспорттауға жағдай жасау мақсатында 1 сәуірден
2020 жылдың соңына дейін нөлдік экспорттық кеден баждарын бекіттік. Яғни нөлдік мөлшерлеме 1 сәуірден бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады" деп түсіндірді ҚР Сауда және интеграция министрі Бахыт Сұлтанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу