Жаңа талаптың көлемі, яғни жылына 5 мың тонна мұнай өнімдерінің айналымы өңірлік шағын жанармай құю стансаларының бизнес көлеміне сәйкес келеді. Бұлар осы нарықтағы ең басым сегмент болып есептеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
"Осылайша, қабылданған шешім мұнай өнімдерінің биржалық саудасына қатысушылардың санын кеңейтуге ықпал ететін болады", – деп болжайды биржалық комитет мамандары.
Биржалық комитеттің хаттамасымен және мұнай өнімдерін тауар биржалары арқылы көтерме саудада өткізу жөніндегі ұсынымдардың (секциялық қағидалардың) соңғы редакциясымен агенттіктің ресми интернет-ресурсында "Биржалық комитет" бөлімінде танысуға болады.