ҚазМұнайГаз: Мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бекітілген жоспардан асыра өндірілуде

839

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ деректері бойынша отандық мұнай өңдеу зауыттары барынша​ жүктелген. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бекітілген жоспардан асыра өндірілуде. Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев өткізген дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңесте айтылды, деп жазады inbusiness.kz

ҚазМұнайГаз: Мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бекітілген жоспардан асыра өндірілуде

​"Айта кету керек, тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанда дизель отынын нормадан тыс жоғары тұтынуы тіркелді.​ Бұның​ себебі, дизель отынының бағасы төмен болғандықтан, оның транзиттік жүк көліктері​мен ағыны орын алды.​ Бүгінгі таңда осы жағдай қолмен басқару режиміне көшті.​ Энергетика министрлігі нарықты тез арада тұрақтандыру және сапалы отынмен қамтамасыз ету міндетін қойды. Күн сайын Шымкент зауытында шамамен 5,5 мың тонна дизель отыны, Атырау зауытында 4,4 мың тоннаға жуық дизель отыны өндіріледі", – деп хабарлады Ұлттық компания басқармасы төрағасының орынбасары Данияр Тиесов.

​14 күн ішінде екі зауыт 133 мың тонна дизель отынын өндірген, бұл жоспарлы көрсеткіштерден 4 мың тоннаға артық.​ Биылғы жылдың 9 айында үш МӨЗ-де барлығы 3,7 млн тонна дизель отыны өндірілген.

​Сонымен қатар Данияр Тиесов​ қыркүйек айында егін жинау науқанына өтінімдер толығымен жабылғанын, оларға дизель отыны жеңілдікпен​ сатылғандығын​ атап өтті.​​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу