Мұнай саласында 250 мыңға жуық адам жұмыс істейді

192

Президент мұнайшылардың еңбегін жоғары бағалады.

Мұнай саласында 250 мыңға жуық адам жұмыс істейді

Мемлекет басшысы мұнай мен газды еліміздің стратегиялық ресурсы әрі мемлекет экономикасының тірегі деп атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қазір осы салада 250 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Мұнай-газ өнеркәсібі заманға сай дамып келеді. Өндіріске инновациялық технологиялар енгізіліп жатыр. Экологияны сақтауға арналған жаңа стандарттар қалыптасты. Қазақстанда мұнай өндірумен қатар, оны өңдеу жұмысы жолға қойылған. Негізгі жанар-жағармай өнімдерінің көбі өз елімізден шығады. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы бұл жұмысқа зор үлес қосып келе жатыр. Қазақстан әлемдік мұнай нарығында басты рөл атқаратын елдердің біріне айналды. Дүние жүзіне белгілі брендіміз бар. Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі нығая түсті, – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу