Мұнай шығару тәулігіне 80 мың баррельге артпақ

634

Мұнай шығару тәулігіне 80 мың баррельге артпақ

NCOC  Атырау облысындағы Қашаған кен орнында мұнай өндіруді тәулігіне 80 мың баррельге арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Компания Қашаған мұнай-кен орнындағы мұнай қорын игерудің ең оңтайлы әдісін қалыптастыру үшін  жұмыс барынша жасап келеді. Сол себепті біз атқарылатын жұмыстарды бірнеше кезеңге бөлуді жоспарлап отырмыз. Бұл кезеңнің барлығы дербес жоба ретінде қарастырылып, оның тиімділігі нақты жүйеленген, инвесторлар шығынының өтемділігі қамтамасыз етілген болуы тиіс. Осындай жобалардың бірі ретінде ылғалды газ сығу қуаттылығын арттыруға инвестиция салуды атап айтуға болады. Бұл мұнай шығару ісін тәулігіне 80 мың баррельге дейін арттыруға мүмкіндік береді", - деді NCOC компаниясының техникалық директоры Рам Ситхарам.

Дәл қазіргі уақытта Қашаған мұнай кенішіндегі мұнай шығару тәулігіне шамамен 200 мың баррельге тең.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу