Мұнай тасымалдаудың балама бағыттары көлік пен логистика мәселесіне тіреліп тұр – Болат Ақшолақов

748

Каспий құбыр консорциумы жұмысы "апат" және Ресей сотының шешімі сынды әртүрлі себептермен жиі шектеле бастаған соң Қазақстан мұнайды экспорттаудың басқа жолдарын іздеуге көшті. Нақты айтқанда, бір ғана бағытқа байланбай, әртараптандыруды ойлап отыр енді.     

 Мұнай тасымалдаудың балама бағыттары көлік пен логистика мәселесіне тіреліп тұр – Болат Ақшолақов

Қандай бағыттар қарастырылып жатқаны туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Министрдің сөзіне қарағанда, 2024 жылдың ортасына дейін Қазақстанда мұнай өндірісін қазіргі 85-87 млн тоннадан 100 млн тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Одан ары 130 млн тоннадан 170 млн тоннаға дейін көбейткісі келеді.

"Сол себепті балама бағдар мәселесін шешуден басқа амал қалмайды", – дейді министр. 

"Каспий құбыры желісі бәрібір де бүгінгі таңда тиімді бағдар болып қала береді. Дегенмен тасымал артатындықтан, әртараптандыру мәселесін қарастыру керек. Екі негізгі бағытты қарастырамыз. Оның бірі – шығысқа, яғни Қытай, егер мұнай сатып аламыз десе, тасымалды арттыру. Екіншісі – Каспий арқылы тасымалдау. Сонымен бірге осы теңіз жолы арқылы Иранға да жеткізуге болар. Бірақ ол жақта бес млн тоннаға дейін ғана тасымалдауға болатын шығар. Бірақ қазір оны іске асыру қиын. Дегенмен де ол да бір амал", – деді министр.

Бұл мақсатты орындау үшін жүк тасымалдайтын көлік мәселесін, логистика мәселесін жетілдіру керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу