Мұнай тұрақтады, ал теңге төмендеді

850

Мұнай тұрақтады, ал теңге төмендеді

Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңертеңгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 4 шілдедегі доллардың орташа бағамы 322,31 теңге болды. 3 шілдедегі таңғы сессияның қорытындысымен салыстырғанда, ұлттық валюта 2,27 теңгеге төмендеді. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды. 

Ал Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де Брент маркалы мұнай құны 0,48 пайыз арзандап, 49,44 долларға саудаланды.

Айта кетейік, кешеден бері доллар 2 теңгеге қымбаттап кетсе, мұнай бағасы 48,40-49,55 дәлізіне тұрақтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу