Мұнай ұрлағандар ұсталды

1454

Қылмыстық топтың мұнай құбырын кесіп, жүздеген тонна мұнайды жалған құжатпен шетелге асырған және бұл заңсыздықпен ұзақ уақыт бойы айналысып келгендері белгілі болды.

Мұнай ұрлағандар ұсталды

Маңғыстау облысында тонналап мұнай ұрлап, шетел асырғандар ұсталды, деп хабарлайды  astanatv.kz.

Ұйымдасқан қылмыстық топ "Қазтрансойл" компаниясының мұнай құбырынан және аймақта тіркелмеген өзге тағы бір ұңғымадан қара алтынды тонап келген.

Жедел іс-шара барысында шетелге тасымалдауға дайын тұрған мұнай толы темір жол цистерналары мен тіркемесі бар жүк көлігі табылған. Қылмыстық топтың мұнай құбырын кесіп, жүздеген тонна мұнайды жалған құжатпен шетелге асырған және бұл заңсыздықпен ұзақ уақыт бойы айналысып келгендері белгілі болды.

Аталған жағдайға байланысты Қылмыстық Кодекстің "Ұрлық" және "Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ, мұнайды қайта өңдеу" бабы бойынша іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу