Мұнай ұрлығына күдікті 26 адамға қатысты сот отырысы басталды

844

Мұнай ұрлығына күдікті 26 адамға қатысты сот отырысы басталды

Ақтөбеде мұнай ұрлады деген айыппен тергеу абақтысына жабылғандарға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды khabar.kz.

Тұтқындалғандардың арасында "Төрт ағайынды" деген атаумен белгілі болған атышулы қылмыстық топ мүшелері бар. Темір торға қамалған 17 күдіктімен бірге Ақтөбеден кетпеуі туралы қолхат табысталған 9 азамат та жауапқа тартылуда. Оларға ұйымдасқан түрде жергілікті мұнай өңдеу зауытынан қара алтын жымқырды деген айып тағылған.

Айыптаушы тарап мүгедек арбасына таңылған Еркіз Ізбасаровты қылмыстық топтың басшысы деп есептейді. Одан бөлек экс-полицей де сот алдында жауап бермек. Іс Ақтөбе облыстық мамандандырылған қылмыстық ауданаралық сотында тергелуде.

 "2014-2016 жылдар аралығында Ақтөбе облысы аумағында мұнай ұрлады деген айыппен 26 азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралуда. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ұйымдасқан қылмыстық топ құру, қару-жарақты заңсыз сатып алып сақтау және біреудің затын аса ірі көлемде жымқыру баптары бойынша айыпталуда", - дейді Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Анар Айтжанова.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу