Мұнай ұрлығына күдікті 26 адамның ісі бойынша сотта жарыссөз басталды

1015

Мұнай ұрлығына күдікті 26 адамның ісі бойынша сотта  жарыссөз басталды

Ақтөбеде мұнай ұрлаумен айналысты деген күдікке ілінген 26 адамның ісі бойынша сот процесінде жарыссөз басталды, деп хабарлайды azattyq.org.

"Қылмыстық топты басқарды" делінген Еркін Ізбасар мен оның серіктеріне негізінен мұнай ұрлаумен айналысты деген айып тағылып отыр. Әзірше ұрланған мұнайдың нақты көлемі мен келтірілген шығынның жалпы сомасы туралы айтылған жоқ.

Бұған дейінгі сот мәжілістерінде ұрланған мұнай құнын тергеушілер геология және жер қойнауын пайдалану департаменті маманы жасаған есепке сүйене отырып, 39 миллион теңге деп көрсеткен еді. Кейінгі отырыстарда түрлі сараптамалардан соң бұл соманың 16 миллион теңге болғаны туралы айтыла бастады. Еркін Ізбасар мен оның серіктері деп сипатталатын сотталушылар өздерінің мұнай ұрлығына қатыстары жоқтығын айтады.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың желтоқсанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметкерлері мен коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы және ішкі істер министрлігі бірлесіп Ақтөбе облысы және тағы кей облыстарда "мұнай өнімдерін жымқырумен айналысқан" деген күдікті топты қолға түсіру операциясын жүргізген. Кейін сот операция барысында ұсталған жиырмадан астам күдіктіні қамауға санкция берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу