Мұнайды басқа бағытта тасымалдау үшін Қазақстан шетелдік компаниялардың келісімін алу керек

840

Каспий мұнай құбыры істен шыққан соң, Қазақстан қара алтынды тасымалдаудың басқа жолын қарастыра бастады. Бірақ алдымен елімізде мұнайды өндіріп отырған шетелдік компаниялармен келісім жүргізуі қажет. Бұл жайында Энергетика министрі Болат Ақшолақов Atameken Business арнасының тілшісі Арай Сүгірбайға берген жауабында айтты. Сөзінше, балама жолға көшуге кемі екі-үш жыл қажет.

Мұнайды басқа бағытта тасымалдау үшін Қазақстан шетелдік компаниялардың келісімін алу керек

"Әр компанияның өзінің күтетін кірістері, шығыстары бар. Ішкі саясаттары бар өздерінің. Олардың бәрін бірігіп жасауға үшін жұмыстар жүріп жатыр. Екі жақтан талқылайтын сұрақ бұл. Біріншіден бұл шетелдік компаниялардың әзірлігі. Ол бағытпен мұнайды бағыттауға келісе ме. Екіншіден бұл құрылыс жұмыстары. Егер жаңа бағыт бекітетін болсақ, құрылыс жасау керек. Құбыр жасау керек. Кемежайлар жасау керек. Басқа да жұмыстар бар. Біраз уақыт кетеді", – деді Болат Ақшолақов

Сөзінше, әзірге ешбір шетелдік компаниямен келісім жасалған жоқ. Яғни әзірге ортақ шешім жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу