Мұнайдың әлемдік бағасы өсіп жатыр

423

Осы аптада оң көрсеткіштер тіркелді. 

Мұнайдың әлемдік бағасы өсіп жатыр Фото: inbusiness.kz

Brent сұрыпты мұнайының баррелі шамамен 94,5 долларға саудаланып жатыр  , деп жазады inbusiness.kz interfax.kz порталына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, мұнай нарығына ҚХР экономикасындағы оң статистикалық көрсеткіштер қолдау көрсетті. Тамыз айында Аспан асты елінде өнеркәсіптік өндіріс пен бөлшек сауданың өсу қарқыны жеделдеп, жұмыссыздық деңгейі төмендеген.

Өткен айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі жылдық мәнде 4,5%-ға артты, делінген ҚХР Мемлекеттік статистикалық басқармасының есебінде. Бөлшек сауда 4,6%-ға өсті. Тамыз айындағы өнеркәсіп пен бөлшек сауданың өсу қарқыны нарық болжамдарынан да асып түскен.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің құны барреліне 94,47 долларды құрады. Бұл алдыңғы сессияның жабылуына қарағанда 0,82%-ға жоғары. 

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері барреліне 0,83 долларға қымбаттап,  90,99 доллар болды. Алдыңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша бұл келісімшарттардың құны 1,64 долларға көтерілген. 

Апта басынан бері Brent және WTI шамамен 4% қосты. Бұл Сауд Арабиясының мұнай өндірісін ерікті түрде шектеуді осы жылдың соңына дейін ұзартуымен тығыз байланысты.

Сәрсенбі күні жарияланған Халықаралық энергетикалық агенттіктің ай сайынғы есебінде биылғы төртінші тоқсанда мұнай нарығындағы тапшылық болжанып отыр. Оған дейін есепті бір күн бұрын шығарған ОПЕК келесі тоқсанда тәулігіне 3 млн баррельден астам тапшылық болады деп күтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу