Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

582

Brent маркалы мұнай бағасы 71 доллардан төмен саудаланып жатыр.   

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді Фото: egemen.kz

Бұл 2021 жылдың соңынан бергі ең төмен баға, деп хабарлайды inbusiness.kz ICE биржасына сілтеме жасап.

Соңғы рет мұндай көрсеткіш 2021 жылы 20 желтоқсанында тіркелген.

Әлемдік мұнай бағасы Астана уақытымен сағат 13:04 -те мамырдағы фьючерстерінің баррелі $70,65 болды.

Ал WTI маркасының мамырдағы фьючерстерінің баррелі 3,14% арзандап 64,83 долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу