Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы жоғарлады. Бұған сауда жөніндегі мәліметтер дәлел, деп хабарлайды "Российская газета".
WTI маркалы жеңіл мұнайдың тамыздағы фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,87%-ға жоғарлап, барреліне 46,42 долларға жетті. Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыздағы жеткізілумен бағасы 0,91 % өсіп, барреліне 48,86 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу