Мұнайдың бағасы арзандады

1016

Мұнайдың бағасы арзандады

Әлемдік нарықта қара алтын бағасы 1,2%-ға түсті.  Мамандардың айтуынша оған АҚШ-тың мұнай өндірісін көбейтуі себеп болған. Бұған дейін құрама штаттардың энергетика министрлігі елдің мұнай қорының біршама азайғанын мәлімдеген. Дегенмен осы аптада олар өндірісті тәулігіне 9,3 млн баррельге дейін ұлғайтты. Оған қоса маусым айында ОПЕК-ке мүше елдер де қара алтын өндірісін көбейтті. Осылайша қор нарығындағы Brent маркалы қара алтын 47,53 АҚШ долларына, WTI маркасы 44,95 долларға саудаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу