Мұнайдың баланстық қоры 4,4 млрд тоннаны құрап отыр

887

Еліміздегі пайдалы қазбаның мемлекеттік балансында 8 мыңнан аса кен орны тіркелген.  

Мұнайдың баланстық қоры 4,4 млрд тоннаны құрап отыр

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Мұнай, газ және газ конденсатының – 317, қатты пайдалы қазбалардың – 910, кең таралған пайдалы қазбалардың – 3 мыңнан астам және 4 мыңға жуық жерасты суларының кен орны бар", – деді министрдің орынбасары. 

Серікқали Брекешевтің айтуынша, А+В+С1+С2 категориялары бойынша мұнайдың баланстық қоры 4,4 млрд, газ конденсатының қоры – 414 млн тоннаны, ал газ қоры – 3,8 трлн текше метрді құрайды. Көрсетілген шикізаттың 75%-ы – Атырау, 11%-ы – Маңғыстау облысында шоғырланған. 

"Көмірсутек шикізаты қорының 68%-ы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының үлесінде", – деді вице-министр. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу