Мұнайдың болжамды бағасы төмендетілді

747

Бұл туралы бүгін үкімет отырысында белгілі болды.

Мұнайдың болжамды бағасы төмендетілді

Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың қаңтардағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 26 қарашадағы Мәскеу уақытымен сағат 8:10-дағы бағасы $0,93 (1,58%) көтеріліп, барреліне $59,73 құрады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Лондон және Нью-Йорк биржаларында 2018 жылдың желтоқсандағы жеткізіліммен электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,52 (1,03%) қымбаттап, барреліне $50,94 құрады.  

Айта кетсек, Қазақстан үкіметі мұнай баррелінің болжамды баға деңгейін 60 доллардан 55 долларға төмендетті. 

"Соңғы екі айда мұнайдың бағасы айтарлықтай құбылмалы болды. Қазанның басында оның бағасы барреліне 86,2 долларды құрады. Ал 23 қарашада мұнай бағасы бір баррель үшін 58,8 долларға дейін құлдырды. Осы аралықта баға 32 пайызға өзгерді. Осыған байланысты әлемдік нарықтардағы қазіргі жағдайды және ХҚҰ болжамдарын ескере отырып, мұнайдың болжамды бағасы бір баррель үшін 60 доллардан 55 долларға дейін төмендеді", - деді бүгін  Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу