Мұнайлы ауданында алғаш рет шақпақ қант шығаратын цех ашылды

1186

Мұнайлы ауданында алғаш рет шақпақ қант шығаратын цех ашылды

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында алғаш рет шақпақ қант шығаратын цех ашылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Басқұдық ауылдық округінде екі кәсіпкер бірігіп ашқан шағын кәсіпорында әзірге 9 адам жұмыс істейді.

Кәсіпорын жұмысшыларының айтуынша, шағын цехтағы құрылғы қызметі жүз пайыз автономды. Жұмысшы 1 қап құмшекерді машина елегіне салған бойда ол сүзіліп, ұнтақталады. Мұнан соң су қосылған қою масса төрт бұрыштап кесіліп, пеште кептіріліп, конвейер үстімен жылжыған дайын өнім вакуумды сорғыш арқылы қағаз қораптарға салынады.

"Бұл, екінші деңгейлі банк қаржыландыруымен іске қосылған цех. Ендігі мақсатымыз – кәсіпорынды кеңейту. Бүгінгі таңда 8-9 жұмысшымыз бар. Қазір 8 сағат жұмыс жасап жатырмыз. Шикізатымызды Қазақстан бойынша құмшекер шығаратын 13 зауыттан  және жергілікті базарлардан алып жатырмыз. Келешек 1 пайызды несиеге ілінсек, бұл цехтың қуаттылық деңгейін екі есеге арттыруға болады" - дейді кәсіпкерлер.

Маңғыстауда жасалған шақпақ қант жергілікті азық-түлік дүкендерінде сатылып жатыр. Ауыл кәсіпкерлері биылдан қалмай отандық тауарды көршілес өңірлерге тасымалдауды да жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу