"Мұның барлығына 1 841 784 мың теңге қарастырылған. Ашылатын жұмыс орын – 475 адамға есептеліп, қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығы арқылы 225 адамға жолдама берілді", – деп хабарлады Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Жолбаев.
Қазіргі таңда сегіз жоба бойынша, келісім шарт жасалып отыр. Тек қана Батыр ауылдық округіне қатқыл табанды автокөлік жолын төсеу жұмыстарын жүргізу үшін жарияланған конкурсқа қатысушы мекемелердің ұсынған құжаттары толық болмауына байланысты аталған конкурс өтпей қалып, қайта мемлекеттік сатып алу конкурсы берілген.
Атап айтқанда, тұрғындар электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, Батыр ауылдық округіне дейінгі автокөлік жолын орташа жөндеу, Каспий су тұщыту зауытынан Батыр ауылдық округіне дейінгі магистаральды су құбырын жөндеу, Баянды ауылында орналасқан ескі мектеп ғимаратын жөндеу, Маңғыстау ауылынан жаңадан құрылысы салынатын тұрғын үйлерге газ желісін жүргізу сияқты жұмыстарға тартылып отыр. Олардың барлығы дерлік жергілікті жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы қамтылуда.
Құралай Қуатова,
Маңғыстау облысы