Мұнайлыда ата-ана қарауынсыз жүрген 27 бала анықталды

404

Аудан жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында "Түнгі қаладағы жасөспірім" атты жедел-профилактикалық іс -шарасы аяқталды.  

Мұнайлыда ата-ана қарауынсыз жүрген 27 бала анықталды Фото: mangystaumedia.kz

Рейд барысында ауданда орналасқан елді мекендердегі ойын-сауық орындары, компьютерлік ойын орталықтары мен мейрамханалар тексеріліп, нәтижесінде 27 құқық бұзушылық анықталды, деп жазады inbusiness.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Соның ішінде Маңғыстау ауылы "Қазына" мейрамханасының әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабы "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру" дерегі анықталып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, ал мейрамханада жүрген кәмелетке толмағандардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 1 бөлігіне сәйкес 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары түнгі мезгілде ата-ана ертуінсіз жүрген 21 кәмелетке толмағандар жеткізіліп, олардың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабына сай "ескерту" шарасы алынды, ал 5 ата-аналар өзінің тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындауы бағытында ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу