Мұнайшылар ереуілі: Тендер дұрыс өткен-өтпегенін анықтау керек – Қошанов

615

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Астанада Энергетика министрлігі алдында ереуіл ұйымдастырған мұнайшыларға қатысты ойын айтты, деп жазады inbusiness.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Мұнайшылар ереуілі: Тендер дұрыс өткен-өтпегенін анықтау керек – Қошанов Фото: yandex.kz

Тиісті түсініктемені мемлекеттік органдар берді деп ойлаймын. Кім шығуы керек еді - олар шықты. Сондай-ақ бұл мәселемен бәрі, соның ішінде біз де айналыстық. Мұнайшылардың талабы орынды не орынды емес деп айта алмаймын. Себебі қазір мұнымен құзырлы органдар айналысып жатыр. Оның артында кім тұр? Кім мұны ұйымдастырды? Тендер дұрыс өтті ме, дұрыс өтпеді ме? Бұл мәселені де анықтау керек, - деп айтты Қошанов.

Мәжіліс спикері бұл мәселенің артында жемқорлық бар-жоғын да анықтау маңызды екенін айтты.

"Энергетика министрлігі, ҚМГ халық алдына тым кеш шықты деп ойламайсыз ба?" деген сұраққа Ерлан Қошанов :

Мен депутат ретінде жауап беремін – мүмкін. Мүмкін, - деп қысқа қайырды Мәжіліс спикері кулуарда.

Еске сала кетсек, 11 сәуір күні түнде Астанадағы Энергетика министрлігі алдына жұмыссыздық мәселесін шешуді талап етіп жиналған 150-ге жуық мұнайшылар бейнеүндеу жолдады. Маңғыстаулықтардың алдына шыққан "Қазмұнайгаз" өкілдері келіссөз жүргізілетінін айтты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу