"Мұнда бәрі жақсы": су астына кеткен "Титан" батискафы экипажының соңғы хабарламасы анықталды

172

"Титан" батискафы экипажы апатқа ұшырағанға дейін жіберген соңғы хабарламалардың бірінің мәтінінде бәрі жақсы екендігі айтылған.  

"Мұнда бәрі жақсы": су астына кеткен "Титан" батискафы экипажының соңғы хабарламасы анықталды Фото: Риа Новости

Бұл туралы CNN АҚШ жағалау күзетінің (USCG) деректеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Басында байланыс тұрақты болмады, бірақ суға түскеннен кейін шамамен бір сағаттан соң Титан "мұнда бәрі жақсы" деген хабарды жеткізді", - деп хабарлады Жағалау күзеті.

Осыдан кейін батискафтың екі жүкті тастағаны туралы тағы бір мәтіндік хабарлама жіберілді: "Екі жүкті тастады". Дәл сол кезде кеме 3346 метр тереңдікте болды, соңғы хабарламадан кейін алты секундтан соң Polar Prince негізгі кемесі аппаратпен байланысын жоғалтты.

Сондай-ақ, Титан апаты туралы сот отырысында батискафтың апаттан кейінгі фотосуреттері алғаш рет көрсетілді. Суреттерді Pelagic Research Services зерттеу компаниясы түсірген.

Фотосуретте батискафтың тереңге батқан артқы бөлігін көруге болады. Кеме қалдығы 112 жыл бұрын батып кеткен "Титаниктен" бірнеше жүз метр қашықтықта табылды.

Жеке теңіз зерттеу компаниясына тиесілі "Титан" батискаф 18 маусымда Титаниктің жанына жақындаған кезде апатқа ұшырады. Салдарынан оның ішінде болған барлық бес адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу