"Мұндай қойды көрген емеспіз": Салмағы 230 келі қой еліміздің рекордтар кітабына енді

940

Еліміз бойынша ең ірі қой Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты шаруа қожалығында тіркелді. 

"Мұндай қойды көрген емеспіз": Салмағы 230 келі қой еліміздің рекордтар кітабына енді Фото: Instagram парақша

Бұл туралы Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Еліміздің КИнЭС рекордтар кітабына Миллион атты қошқарым тіркелейін деп жатыр. Елордадан арнайы маман келді. Таразының дұрыстығы тексерілді. Ет-май өнімділігі бағытындағы тұқымды тіркесек, бұл ТМД елдері мен бүкіл әлем бойынша үлкен жетістік", - деді шаруа қожалық иесі Қуаныш Мықтыбаев.

КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов қошқар иесіне рекордтар кітабы атынан арнайы сертификат табыстады.

"Мұндай қойды көрген емеспіз. Әлем рекордына тән көрсеткіштердің бірі. Қазақстан рекордтар кітабы атынан сертификат Қуаныш Мықтыбаевқа тапсырылады. Ет-май өнімділігі бағытындағы қошқардың салмағы 230 кг екенін растайды. Бұл еліміздегі ең ірі салмақты қой ретінде тіркейді. Қошқардың лақап аты – Миллион. Жасы 4-те", - деді Қуандық Құдайбергенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу