Заң жобасы мақұлданса, қызметтен тыс уақытта есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен сол тектестерді медициналық емес мақсатта пайдаланған, қоғамдық орынға алкогольдік немесе өзге де масаң күйде арнайы формада келген, ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысқан қызметкерлер қызметтен босатылады.
Сондай-ақ олар теріс себептер бойынша қызметтен босатылған жағдайда сауықтыруға берген жәрдемақыны қайтарады.
Заң жобасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталады.
Сенат түзетулер енгізіп, мәжіліске жөнелтті.