Енді мұрагерлікке ие боламын дегендер алты айдың ішінде байланысқа шықпаса, істі тек соттасу арқылы ғана шеше алады. Бұл туралы бүгін қабылданған "Меншік құқығын қорғауды күшейту" туралы заңында айтылған.
Нақтыласақ, заңгерлерге көптеген мүмкіндік берілмек. Өмірден өткендердің дүние-мүлікіне құқығы барлар алты айда табылмаса, заңгерлер тиісті құжатты рәсімдеу үшін тағы екі жыл күтетін. Енді нотариустар жарты жылдан кейін өз еркінше шешім шығару құқығына ие болады. Ал мұрагер кешігіп келіп жатса, мәселені соттың көмегіне жүгініп қана шеше алады.
Сондай-ақ, бұған дейін борышкердің банктік шоты бұғатталса ол алимент төлей алмайтын. Себебі, аталған өтемі де сол шот арқылы аударылатын. Ал жаңа заңға сәйкес қандай шот болмасын бұғатқа түскен жағдайда, алимент төлемі бәрібір алынатын болады.