Танымал қоғам қайраткері Мұрат Әбенов "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасының ақпараттық-коммуникациялық технология, білім және инновация комитетінің төрағасы деп тағайындалды. Бұл туралы палата сайты хабарлап отыр.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасында "жасыл" экономика және ақпарат-коммуникация технология комитетінің отырысы өтті. Жиын барысында цифрлы технология негізінде жаңа өндірісі орындарын құру туралы мәселелер талқыланып, 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық сервистер, коммуникация дамыту сфералары өзге салаларға серпіліс бере алады деп таңдап алынды.
Осыған байланысты ақпараттық-коммуникациялық технология, білім және инновация комитеті құрылып, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов басшылыққа тағайындалды.
Мұрат Әбенов — мәжілістің 4 және 5 шақырылымдарының депутаты, бұрынғы білім және ғылым вице-министрі, "Өрлеу" кадрлер дайындаушы ұлттық орталығы" АҚ-ны басқарған. "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етті.