Мұрат Бектановты қамауда ұстау мерзімі тағы бір ай ұзартылды

823

Алматының ауданаралық тергеу соты бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың тұтқындалу мерзімін бір айға (20 маусымға дейін) ұзартты. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Мұрат Бектановты қамауда ұстау мерзімі тағы бір ай ұзартылды

Бұдан өзге ақпарат, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, жариялауға жатпайды.

Бектанов 20 ақпанда ұсталды. "Қаңтар оқиғасында биліктің әрекетсіздігі" деген күдікке ілінді. 

2021 жылдың тамыз айынан бастап Қорғаныс министрлігін басқарған Мұрат Бектанов елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 19 қаңтарда қызметінен босатылды.

Сол кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы оқиғалар кезінде Қарулы Күштер өздеріне жүктелген міндеттерді орындай алмағанын, ал Министр Бектанов командирлік қасиет көрсетпегенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу