Мұрат Нұртілеу Блинкеннің шақыруымен халықаралық шараға қатысады

1091

Іс-шара синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына және қолданылуына қарсы күресте халықаралық қауымдастықтың тәжірибелерімен алмасуға бағытталған. 

Мұрат Нұртілеу Блинкеннің шақыруымен халықаралық шараға қатысады Фото: gov.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі ресми өкілі Айбек Смадияров журналистермен кездесу кезінде айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2023 жылдың 7 шілдесінде Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің шақыруымен 50-ден астам ел мен 5 халықаралық ұйымның қатысуымен өтетін онлайн форматтағы синтетикалық есірткіге қарсы жаһандық коалиция жетінші Министрлік кездесуіне қатысады", - деді А.Смадияров. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу