Мұрат Нұртілеу Мәскеуге ресми сапармен барды

673

Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Мұрат Нұртілеу Мәскеуге ресми сапармен барды Фото: pressmfakz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ-ге сілтеме жасап.

Сапар барысында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және Ресей Федерациясы Президентінің сыртқы саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковпен екіжақты кездесулер өтті.

Тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларына, сондай-ақ ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ қоса алғанда, интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екіжақты өзара іс-қимылға байланысты өзекті мәселелерді талқылады.

Өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және түрлі салаларда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларға дайындық барысын қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу