"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды", делінген Ақорданың хабарламасында.
Мұрат Нұртілеуов 1976 жылы 11 наурызда туған.
Білімі:
1998 ж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-дың "халықаралық қатынастар" мамандығын бітірген.
Дипломаттың рангы – бірінші санаттағы кеңесші.
Еңбек өтілі:
1998-1999 жж. – ҚР СІМ мемлекеттік хаттама қызметінің атташесі, референт.
1999-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінің атташесі.
2003-2004 жж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
2004-2006 жж. – ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 ж. – ҚР парламенті сенаты аппарат басшысының орынбасары.
2007-2011 жж. – ҚР парламент сенаты аппаратының басшысы.
2011 ж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директоры, ҚР сыртқы істер министрілігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2011-2014 жж. – Женевадағы ҚРҮҚ кеңесші-елшісі.
2014-2016 жж. – ҚР президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2016 жылдың наурызы – 2019 жылдың наурызы – Қазақстан Республикасының Финляндия, Эстония Республикаларындағы төтенше және өкілетті елшісі.
2019 жылдың 24 наурызынан бастап – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.
2021 жылғы 25 ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2022 жылғы 5 қаңтарда мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылғы 1 ақпаннан Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы.
Мемлекеттік наградалары: "Құрмет" ордені, медаль.