Мұрат Нұртілеу ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты

509

Кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.

Мұрат Нұртілеу ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация Самарқанд қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты,деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ Достастық алаңында көпжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша практикалық ұсыныстар қаралды.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. "Қазақстан түрлі салалардағы Достастық кеңістігіндегі интеграциялық процестерді жандандыруға және тереңдетуге ұмтылады", - деді М. Нұртілеу.

Қазақстан СІМ басшысы отырысқа қатысушыларды еліміздің ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту тәсілдері туралы хабардар етті. Өткен жылдың қазан айында Астана өткен ТМД саммитінде ұсынылған Қазақстан Республикасының бастамаларын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырысқа қатысушылар саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бірқатар шешімдер қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу