Мұрат Жөребеков: Қазақстан өзге елдің газына тәуелді емес

1006

Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жөребеков елімізде шамамен 4 трлн текше метр газ қоры бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Мұрат Жөребеков: Қазақстан өзге елдің газына тәуелді емес

Министрдің бірінші орынбасары Қазақстан Қытай мен Ресейге газ экспорттайтынын және Ресейден газ алатынын айтты.

"Елімізде газ тұтыну көлемі 17 млрд текше метрді құрайды. Бізде газ тапшылығы жоқ. Дегенмен Ресей Федерациясымен газ алмасу операциясы бар. Біз Ресейге батыстан "Қарашығанақ" газын жеткізсек, басқа өңірлерге Ресей газын аламыз. Таза импорт жоқ. Қазақстан өзге елдің газына тәуелді емес, – деді Мұрат Жөребеков.

Энергетика бірінші вице-министрі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізу жоспарланғанына тоқталды.

"Бұл үшін кәсіпорындарды газға ауыстыруымыз керек. Бүгінгі таңда елімізде электр қуатын өндіретін компаниялардың 70%-ы көмірмен жұмыс істейді. Париж келісімінің қатысушысы ретінде біз 2030 жылы бұл көрсеткішті 40%-ға дейін төмендетуіміз керек. Бұдан бөлек ірі тау-кен компанияларының Еуроодақ елдеріне экспортында көміртек ізі болса, олар 2026 жылдан бастап салық төлейді. Бізге ірі компанияларды көмірден газга ауыстыру, инвестиция тартып, газ ресурсын ұлғайту қажет. Осы бағытта Энергетика министрлігіне үлкен фискалдық префференция жасалды. Ол биыл үкіметте талқыланып, келесі жылдың басында мәжіліске жолданады", – деді Мұрат Жөребеков.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу